Түркістан облысының тұрғыны Сапаргүл Есалиева бұрынғы абысыны Орынгүл Әбдікерімова құлдықта жүргенін айтты. Бұл мәселе "Астарлы ақиқат" бағдарламасында көтерілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сапаргүл Есалиева - Орынкүл Әбдікерімованың келіні. Ол абысыны мен қайнағасы 2009 жылы шаңырақ көтергендерін, қой бағумен айналысқандарын айтады. Сапаргүлдің сөзінше, кейін абысыны қайнағасынан ажырасып, Шардараға екінші рет тұрмысқа шыққан.
"Қайын ағам Киізбай Мырзалиевтан бір қызы бар. Кейін Нәлібай деген кісіге тұрмысқа шықты. Одан екі жасар қызы бар", - дейді ол.
Биыл Орынгүл үш ай бойы хабарсыз кеткен.
"3 айдан кейін маған түнде хабарласты. "Дәретханадан сөйлесіп жатырмын. Ұлбосын деген әйел ағасына алып берді. Мені алып кетші. Телефон бермейді маған" деді. Ұлбосын деген әйелмен базарда танысып қалғанбыз. Сол жерде Орынгүлге жабысқан. "Күйеуге шығасың ба? Тұрмысқа шығасың ба? Күйеуің бар ма? Түркістанда ағам бар еді. Сол ағама апарып берейін сені" деді. "Күйеуі бар ғой" дедім мен", - деп еске алды ол.
Орынгүл Әбдікерімова 1983 жылы туған. 40 жаста.
"Мені алып кетіңдерші, түнде ұрады, соғады" деді. "Қалай бардың" дедім. "Ұлбосын үгіттеп алып келді" деді. Естуім бойынша, 1954 жылғы (Орынгүлдің күйеуі - еск.). "Орынгүл, қалайсың?" деп едім. "Әпше, жағдайым жақсы" деді. Сөйтсем, аржағында күйеуі тұр екен. "Әпше, маған телефон бермейді. Ұлболсын үйден шығарма деп кетіпті" деді", - дейді Сапаргүл Есалиеваның құрбысы, көршісі Жақсыгүл Ботабекова.
Орынгүлдің бірінші некесінен Мерей атты қызы бар, 12-де, екінші некесінен Аружан атты қызы бар, ол 2 жасқа толған.
"1944 жылғы шалға неге тиіп жүрсің" деп едім. Үндеген жоқ", - дейді Сапаргүл Есалиева.
Ал Сапаргүлдің көршісі Жақсыгүл Ботабекованың сөзінше, Орынгүлдің кіші қызын Ұлбосын алып қалған.
"1 жасар қызды Ұлбосын алып қалыпты. Шалдың үйіне түнгі 12-де апарған. "Қызымды көрсетті. 1 жасар қызымды шашып тастай береді деп, үстелдің аяғына жіппен байлап, алдына суы мен нанын қойып қойыпты. Жыласа, жастықпен ұрады" деді Орынгүл", - дейді Жақсыгүл Ботабекова естігендері туралы.
Осылайша, Орынгүлдің бір қызы интернатта, біреуі бөтен адамның қолында қалған. Ал Орынгүлді біреуге қосты деген Ұлбосын Намазбаева Жолдасбай Есалиев ауылының тұрғыны болып шыққан. Ол ешкімді зорлап қоспағанын айтып отыр.
"Тәтеңмен сөйлесіп жүрмін. Екеуміз келістік. Тәтеңнің сөзі ұнап қалды маған. Тәтең келмей бара берейінші" деді. "Орынгүлді сатайын деген едік. Сатып жібердің. Миллионға сатайын деп жатыр едік. Сен алып кеттің" деді маған. Сапаргүл сатқысы келген. Ұзынағашта біреумен сөйлестіріп жүрген", - деді Ұлбосын Намазбаева өзінде кінә жоғын айтып.
Ал Орынгүлдің абысыны Сапаргүл мұндай жағдай болмағанын айтады. Қазір Орынгүлмен бірге тұрып жатқан Тұрабай есімді қария да азаматтық некедегі әйелі өз еркімен келгенін айтып отыр.
"Өзі келді. Сасып қалдым. Отбасыммен ақылдастым. "Алыңыз" деді. Сонымен қалды. Өз еркімен келді", - дейді ол.
Бағдарламаға Орынгүл Әбдікерімова да келген.
"7 ақпанда 40 жасқа толдым. 1983 жылғымын. Екі қызым бар. Жаза алмаймын. Сауатым жоқ. Бірінші күйеуіммен ішкенінен ажырастым. Шардараға 2017 жылы шықтым. 2020 жылы босандым", - деді Орынгүл Әбдікерімова.
Орынгүл 35 жаста болған кезде 76 жастағы адамға тұрмысқа шыққан.
"Ұлбосын "тәтем бар, ішпейді, шекпейді, ұрмайды" деген соң шықтым. Ұлбосынмен жақында базарда таныстым. Түрін көрмей бірден шықтым. Ол кісі жылқы сойып, жылқы байлайды екен. Келіндері де "атам жалғыз" деді", - дейді ол.
Бағдарлама соңында Орынгүлдің бірінші күйеуі Киізбай келіп, қайта қосылуға ниетті екенін білдірді. Осылайша, Орынгүл де келісіп, қыздарын өзі тәрбиелеуге алатын болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!