• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Құлаққапты қанша уақыт пайдаланса керең болып қалуыңыз мүмкін?

Құлаққапты қанша уақыт пайдаланса керең болып қалуыңыз мүмкін?
Фото: depositphotos.com

Оториноларинголог маман Ильяна Гончарова құлаққапты күнде пайдаланудың қандай зияны бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

Дәрігер музыканың өзі, жалпы құлаққапты пайдалану есту қабілетіне еш зиян келтірмейтінін атап өтті. Дегенмен ол дыбысты қатты дауыспен тыңдау есту қабілетін уақытша төмендетуі мүмкін екенін айтты. Егер сіз бұл әдеттен бас тартпасаңыз, мәселе тұрақты нәрсеге айналып, үлкен қауіпке әкелуі мүмкін дейді маман.

"Ең қауіпсіз құлаққап - құлаққа ілінетіндері. Өйткені олар құлақ жарғағын шамадан тыс қысып тұрмайды. Ал ең қауіптілері вакуумы бар құлаққаптар. Олар құлақ ішінде қысым жасап, құлақтың құрылысына кері әсерін беруі мүмкін", - дейді дәрігер. 

Сондай-ақ маман құлақтағы құлаққаптар отит (құлақтың қабынуы - еск.) тудыруы мүмкін бактериялардың дамуына қолайлы жағдай жасайтынын ескертті. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Литпин
Logotype Massaget