- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құлақ өлшеміне қарап,...
Құлақ өлшеміне қарап, қанша өмір сүретініңізді білуге бола ма?
Қарт кісілердің құлақтары үлкен болатынын байқадыңыз ба? Құлақ жас ұлғая келе өседі, сондықтан оның өлшемі арта түседі деген пікір бар. Бұл рас па?
Отоларинголог Нина Шапиро адамның құлағы жас ұлғая келе созылатынын айтты.
"Құлақ, мойын және беттің басқа бөліктерінің жұмсақ тіндері жас ұлғая келе коллагеннің табиғи азаюына байланысты созылады. Бұл процес құлақтың функционалды бөлігіне ғана әсер етпейді, мысалы, құлақ жарғағы, құлақ сұйектері және ішкі құлақ құрылымы. Сондықтан тек бұлшықеттері әлсіз адамдардың құлақтары үлкеюі мүмкін", - дейді HuffPost басылымына отоларинголог Нина Шапиро.
Дәрігер көбіне ауыр сырғалар тағатын адамдардың құлағы созылып кететінін ескертті.
"Сондай-ақ ауыр сырғаларды немесе пирсингті жақсы көретін адамдардың жасы ұлғая келе құлағы үлкеюі мүмкін. Бұл жағдайда құлақ созылып кетеді. Сондықтан егер көлемді сырға таққанды жақсы көрсеңіз, оны жиі шешіп қойыңыз және онымен ұйықтамауға тырысыңыз", - дейді дәрігер.
Көптеген ел мәдениетінде үлкен құлақ ұзақ өмір сүру және табысты болу көрсеткіші болып саналады. Тіпті, құлақ өлшемінің адамның өмір ұзақтығымен байланысы бар ма екенін анықтайтын зерттеулер де болған. Бірақ барлық адамда жас ұлғая келе құлақтары бірдей созылатыны анықталған.
"Үлкен құлақ сіздің қаншалықты ұзақ өмір сүретініңізді көрсетпейді, ол жай ғана сіздің өмір сүрген жылдарыңыздың белгісі. Алайда адамның жүрек-қан тамырлар аураларына бейімділігін көрсететін бір фактор бар. Бұл құлақ сырғалығындағы қатпар. Бірақ бұл да жанама белгі. Ол жоғары қауіптің тікелей себебі емес", - дейді ол.
Дәрігер құлақ өлшемінен гөрі есту қабілетінің нашарлауының алдын алуға мән беруді ұсынды.
"Қартайған шақта естімей қалмас үшін шуды азайтыңыз. Құлаққа күннің белсенді әсері тимеуі керек және құлақта пигментті дақтар пайда болса, дәрігерге қаралыңыз", - деп кеңес берді Нина Шапиро.
Оқи отырыңыз: Құлаққапты қолдану есту қабілетін нашарлататыны рас па?
А. Жапатова