Әнші Мөлдір Әуелбекова сахнада ән айтып тұрған кезде ыңғайсыз жағдайға тап болғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасына видео жариялады.
"Ән қайда? Мен қайда? Сөзін ұмытып қалдым. Әнімді халқым өзі айтып шықты. Күшті концерт болды. Мен декреттік демалыстан кейін ресми түрде үлкен сахналарға енді шығып жатырмын. Әндерімнің сөзін ұмытып қалғам. Бір еркелігімді халқым 20 жылда бір көтеретін шығар. Ән айтқанда естімегендіктен, болжап айтамын. Себебі құлағымды екі қабат орамал жауып тұрады", – дейді Мөлдір Әуелбекова.
Желі қолданушылары бұл жағдайға байланысты түрлі пікір қалдырды.
"Сонысымен қызық қой, "Ештеңе етпейді ондай ондай ханның қызында да болып тұрады. Уайымдама бәрі жақсы", "Талай шаюлар болады әлі", "Мяяя халық қалай көтеріп кеткен ия", "Әннің сөзін ұмытып қалған да кейде пайдалы, бәрі шынайы",- деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Мөлдір Әуелбекова ұзату тойға қанша гонарар алатынын айтқан болатын. Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!