- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
“Құлағымды актер Ғани Құлжанов тесіп берген“ - Алмат Сақатов жас кезі туралы
Танымал актер Алмат Сақатов "1001 түн" телебағдарламасына берген сұхбатында жас кезін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актердің құлағын тесуге әріптесі Ғани Құлжанов көмектескен.
"Кезінде шаш та боялды, химия да істелді, құлақта сырға. Суретте мен 20 жастамын, өзім әскерден келгенмін. Бұл - менің сол кездегі қоғамға қарама-қайшылық, қоғамға деген қарсылығымды, бұлай болмайды, мен ойымдағыны дәлелдеуім керек деген іс-әрекетім. Құлағымды Ғани Құлжанов тесіп берген. Сол кезде мен "құлағымды тессем, қалай болады?" деп едім, Ғани да мені қолдап, құлағымды ысқылап-ысқылап, қотыр қылып жіберген. Кейін құлақты қалай тесу керегін қыздардан сұрадық. Бұл жылдары әлі тәуелсіздік ала қойған жоқпыз, Кеңес Одағына қарап тұрған кезіміз. 1986 жылы әскерге кеттім, Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл сырғаны шешу керегін үйленген кезде бір-ақ түсіндім", - деді ол.
Айта кетейік, байырғы "Бауыржан шоу" театрының жарқын жұлдызы, актер Алмат Сақатов "Dala" подкастына берген сұхбатында қоғамда резонанс тудырған, әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдіргені хабарланған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә