Құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері Түркиядан экстрадицияланды

Құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері Түркиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан азаматы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырғаны және билігін асыра пайдаланғаны үшін Түркия Республикасынан экстрадицияланды.

Тергеу мәліметтері бойынша күдікті 2015-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының бірінде басшылық қызмет атқара отырып, ойын бизнесі саласындағы заңсыз әрекеттерге қамқорлық жасағаны үшін жүйелі түрде ақшалай сыйақы алған. Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.

"2024 жылы қаңтарда іздеудегі адам Түркия Республикасының Измир қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!