Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне цифрлық рейтинг пен детекторлық тексерістер енгізіледі

Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне цифрлық рейтинг пен детекторлық тексерістер енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында депутат Мұрат Қадырбек мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға түзетулер енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне міндетті психологиялық зерттеулер енгізіліп жатыр. 

"Сонымен қатар құқық қорғау органдарына жұмысқа кандидаттардың цифрлық рейтингі енгізіледі. Бұл рейтинг қызметкерлерді таңдау және оларды басшылық қызметтерге ұсыну кезінде ескеріледі. Құқық қорғау органдары басшыларының ротация мерзімі өзгереді - 5 жылда бір рет және 3 жылға дейін. Сондай-ақ қызметкерді жоғарылау үшін ұсынған жағдайда немесе кез келген уақытта басшының шешімі бойынша жоспардан тыс аттестация және полиграфологиялық зерттеу енгізіледі", - деді Қадырбек.


Сенаттың бейінді комитетінің қорытындысына сәйкес барлық түзетулер екі блокқа бөлінеді. Бірінші блокқа мыналар кіреді: мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде шектеу мерзімдерін белгілеу - бұл қызметтік әдепті сақтамағаны немесе шектеулерді бұзғаны үшін, сондай-ақ тәртіптік құқықбұзушылықтары үшін жұмыстан шығарылғандарға қатысты.

Сондай-ақ жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған тұлғаларға мемлекеттік қызметке қабылдау мерзімдерінде шектеулер белгіленеді, ал сыбайлас жемқорлық, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған тұлғаларға мерзімсіз шектеу сақталады.

Екінші блок түзетулер президенттік және кадр резервтері туралы нормаларды алып тастауды, сондай-ақ қызметкерлердің қызметін бағалау нормаларын алып тастауды, этикалық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуді және басқа да өзгерістерді қарастырады.

Айта кетейік, сенат "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңын мақұлдады.

 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз