- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құжаттарын заңдастырмаған қызылордалық...
Құжаттарын заңдастырмаған қызылордалық айыппұл арқалады
Қызылордада құжаттарын заңдастырмаған тұрғынға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл шілде айынан бастап Қызылорда қаласында "Қорғау" жол қозғалысын бақылау жүйесі іске қосылған. Бұл жүйенің көмегімен 20 тамызда қала аумағында "Арқан", "Сергек" стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғыларына жылдамдық режимін 11 мәрте бұзғаны үшін түскен, оған қоса 221 мың 520 теңге көлемінде айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген 28 жастағы қала тұрғыны анықталған.
Бұл құқықбұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама ресімделіп, көлік айып тұрағына қойылды. Қазіргі таңда салынған айыппұлдарын өндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Автокөліктің міндетті сақтандыру полисі болмағандықтан, яғни құқықбұзушы жөнінде деректер базасында мәлімет болмауы салдарынан айыппұл жөнінде дер кезінде хабарлауға мүмкіндік болмаған", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова