"Ұлттық ақпараттық технологиялар" қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Компания өз сервистері мен жобаларын жақсарту бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізетінін мәлімдеді. Осы жаңартулар аясында техникалық жұмыстар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.
"Осыған байланысты 14 ақпанда сағат 21:00-ден 15 ақпанда 08:00-ге дейін АО "ҰАТ" сүйемелдейтін жобалардың аз уақытқа қолжетімсіз болуы мүмкін. Ықтимал қолайсыздықтардың алдын алу үшін барлық қажетті операцияны алдын ала аяқтауды және көрсетілген кезеңде қажет болуы мүмкін болса, құжаттардың түпнұсқаларын дайындап қоюды ұсынамыз", - делінген хабарламада.
Компанияның баспасөз қызметі техникалық жұмыстар кезеңінде цифрлық құжаттар 00:00-ден 02:00-ге дейін ішінара қолжетімсіз болуы мүмкін екенін нақтылады.
Сонымен қатар, 21:00-ден 00:00-ге дейін электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу кезінде шектеулер болуы ықтимал.
Ал eGov порталы қалыпты режимде жұмыс істейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!