Солтүстік Қазақстан облысындағы шошқа фермасындағы төрт адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Қайығылы оқиға былтыр Тайынша ауданының Новоивановка ауылында болған еді.
"ЕМС Agro" серіктестігінің жұмысшылары кәріз сорғысын жөндеу үшін құдыққа түсіп, сыртқа шыға алмаған. Сараптама қорытындысы бойынша олардың метан және күкіртсутегіден уланғаны белгілі болды.
Осы оқиғаға қатысты 2 күдікті жауапқа тартылды. Олардың бірі сорғы стансасының бастығы, екіншісі қауіпсіздік қызметінің жетекшісі. Алайда дәлел жеткіліксіз болғандықтан сот екеуін де ақтаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!