Өскемен қаласының шетінде әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәйіттің денесінде дене жарақаттары бар.
"Өскемендегі бау-бақша қоғамдарының бірінің шетінде 45-50 жас шамасында көзге көрінетін дене жарақаты бар белгісіз әйелдің денесі табылды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның егжей-тегжейі тергеу әлі жүргізіліп жатқандықтан, жария етілмейді. Мәйіт автопарктің жанында "Алтай бағбаны" бау-бақша қоғамында табылған.
"Кісі өлтірді деген күдікті әлі ұсталған жоқ", - деп хабарлады аймақ полициясы.
ШҚО ПД-да Өскемен тұрғындарынан ақпаратқа тек ресми көздерден сенуді сұрайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!