11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Бұл жайтты полиция растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция адам өлтірді деген күдікті анықталғанын мәлімдеді.
"Полиция адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша ол жәбірленушімен бұрыннан таныс болған. Қазір оны ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған Шымкент Полиция департаменті хабарламасында.