Ақтөбеде әйелді өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрда ер адам әйелдің соңынан еріп, арқасынан соққы жасағаны, кейін ес-түссіз күйдегі жәбірленушіні сүйреп әкеткені көрінеді.
Алдын ала мәлімет бойынша күдікті мен марқұм әйел бұрын таныс болған. Араларында туындаған жанжал барысында ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмған.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп, қылмыстың себептері анықталып жатыр. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деді Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Шалқаров.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова