Астанада мешітте ұрлық жасаған ер адам анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері мешіт аумағында телефон ұрлады деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады.
Алдын ала мәлімет бойынша күдікті мешітте түнеп жүрген. Ол мешітке келушілердің бірі намаз оқып жатқанын пайдаланып, еденде өзіне жақын жерде тұрған сөмкенің ішінен iPhone 13 телефонын ұрлап кеткен.
"Ол ұрлық жасағаннан кейін оқиға орнынан бой тасалаған. Бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті кім екені анықталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында ол елорда көшелерінің бірінен ұсталды. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды", - деді полиция.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова