- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күдікті - күйеуі:...
Күдікті - күйеуі: Қостанай облысында полиция қызметкері қаза тапты
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Қостанай облысында полиция қызметкері қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Наш Костанай" басылымына сілтеме жасап.
1 қарашада өңірдегі ауылдардың біріндегі үйдің ауласынан әйелдің мәйіті табылған. Полиция бұл іс бойынша күдікті деп танылған ер адамды ұстады.
"Марқұм мен күдікті некеде тұрған. Екеуі де полиция қызметкерлері, олардың екі баласы бар. Ажырасу процесін күтіп жүрген", - делінген Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінде.
Басылым мәліметінше, қылмыстық істі Ішкі істер министрлігі бақылауына алған.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова