Күдікті - күйеуі: Атырауда мұғалім қаза тапты

Атырауда 58 жастағы әйел қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, 16 наурызда сағат 03:30 шамасында тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйел адам қаза тапқаны туралы хабарлама түскен.

"Бұл дерекке қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, соталды тергеп-тексеру басталды. 62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп жазылған редакцияға берілген жауапта.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, марқұм - №16 мектептің мұғалімі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз