- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күдікке ілінген генерал...
Күдікке ілінген генерал Күдебаев ауруханаға түсті
Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Генерал-майор Күдебаевқа қатысты үкім 10 наурызда шығуы керек еді. Алайда бұрынғы полиция басшысына қатысты сот отырысы белгісіз мерзімге шегерілді.
"Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушының ауруханаға жатқызылуына байланысты сот отырысы келесі аптаға шегерілді", - деді Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров. Күдебаевтың қандай диагнозбен ауруханаға түскені айтылмайды.
Серік Күдебаевқа "билікті немесе лауазымды асыра пайдаланды" деген айып тағылып отыр. Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша оған орташа қауіпсіздік колониясында тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек