Күдебаевтың шекарадан өтуіне қатысты жаңа мәліметтер айтылды

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев ресми жұмыс істеп тұрған шекараларды кесіп өтпеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты ведомство шектес мемлекеттердің шекара өкілдерімен өзара тексеріс жүргізеді.

"Бүгінгі күні шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен өзара іс-қимылда тексеріс тағайындалды. Тексеріс нәтижесі қосымша хабарланады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ Күдебаевтың шетелге қашқаны туралы мәлімдеген болатын. Ол Қырғызстанмен шекарадан өтіп, ал сол жерден Өзбекстанға өтіп, кейін Солтүстік Кипрге ұшып кетуі мүмкін екені жазылған еді.

Еске салайық, бұған дейін прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын. Кейін күдікке ілінген генерал Күдебаев ауруханаға түскені белгілі болды. Сондай-ақ, Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы төртінші рет кейінге шегерілді. 

Генерал Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі

Бүгін Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!