- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Құдайға шүкір, жас...
"Құдайға шүкір, жас ұлтпыз". Вице-премьер зейнет жасын төмендету туралы айтты
Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметте зейнетақы жасын төмендету мәселесі талқыланбағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Тағы да айтамын, Үкіметте бұл мәселе талқыланбады. Заң бар, біз бұл заңды орындаймыз. Жыл сайын зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 2,2 триллион теңге бөлінеді. Кез келген өзгеріс терең есептеулер мен тақырыптық талқылауды қажет етеді. Ұсыныс болған жоқ. Талқылау болған жоқ, заң бар. Құдайға шүкір, жас ұлтпыз. Еңбек министрлігінде көптеген жақсы бағдарлама бар, соның ішінде "Күміс жасы". Бұл бағдарламаларға белгілі бір қаражат бөлінеді, сондықтан әзірше қолданыстағы бағдарламалар бойынша жұмыс істеп жатырмыз және қолданыстағы заңдар бойынша өмір сүреміз", - деді Жамаубаев Үкімет ғимаратында журналистердің сұрағына жауапта.
Бұған дейін Қазақстанда зейнетке шығу жасын төмендету мәселесін талқылау жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.
С. Сатыбалдина