- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Құдайдан олай тілемеші"....
"Құдайдан олай тілемеші". Гүлзира Айдарбекова келінмен бірге тұрмаймын деген Меруерт Түсіпбаева кеңес берді
Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова әнші Меруерт Түсіпбаеваға алладан қандай келін сұрау керегіне қатысты кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Меруерт Түсіпбаева жұлдызды отбасының шаңырағына қонаққа барғанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеді.
"Гүлзира әпкенің келінінің қолынан тәтті шай ішіп, ақылын тыңдап, мотивация алып келдім. Сіз келісесіз бе?" - деп жазған ол.
Видеода әншінің "Келінмен тұрмаймын, келін маған қызмет етпесе болады десем, Гүлзира ханым маған басқаша айтып жатыр" деген дауысы естіледі. Ал Гүлзира Айдарбекова Меруерт Түсіпбаеваға тілек тілегенде мейлінше көбірек сұрау керегін айтады.
"Мен Меруертке айтып жатырмын, құдайдан олай тілемеші, негізі ешқандай кедергі қоюға болмайды, тілегенде аз тілек тілеме. Өйткені құдай "тіле, сұрасаң, беремін" деген бар. Адам тілек тілегенде міндетті түрде бірінші "біліп-білмей жасаған күнәларымды кешіре гөр" деп бастау керек. Одан кейін "келінді адалынан бер" деп тілеген дұрыс. Қазақта "құда мың жылдық", Алланың берген құдасы болғандықтан, құданың мың жылдық болуын тілеген дұрыс. Одан кейін бала-шағаң, келінің мен ұлыңмен ешқашан ажырамай, отбасының беріктігін, үлкен әулет болып отыруын тілеу керек. Бұйыртса, Меруерт мен сияқты келіннің қолынан шай ішсін", - дейді Гүлзира Айдарбекова.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: Сауын айту деген не?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә