- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Құдай сақтады". Алматыда...
"Құдай сақтады". Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қаққан жантүршігерлік сәт видеоға түсіп қалды
Алматы маңындағы ауылдардың бірінде Hyundai жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кете жаздады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, ал кадрлар әлеуметтік желілерде тарап кетті. Видеода қолында сөмкесі бар адам түнде көшеде келе жатқаны көрінеді. Кенет бұрыштан көлік шығады. Жаяу жүргінші уақытында оны байқап, темір қоршауға секіріп кетеді. Алайда ол соққыдан қашып құтыла алмады. Оқиғадан кейін ер адам тұруға тырысты, бірақ тұра алмады.
Полиция мәліметінше, оқиға 8 маусымда түнгі сағат 23:30 шамасында болған. Көлікті 19 жастағы жігіт тізгіндеген.
"Ол Боралдай кентінің бір көшесінде тізгінді басқара алмай, 35 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Түрлі дене жарақаттарымен зардап шеккен адам Өтеген батыр кентінің ауруханасына жатқызылды.
Кінәліге әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Қазір қажет сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу басталды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деді Алматы облысы Полиция департаменті өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова