- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Құдай маған бала...
"Құдай маған бала бермеді". Алуа Қонарова ағынан жарылды
Танымал продюсер Алуа Қонарова бала сүйе алмағанын айтып, ағынан жарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Продюсер бұл туралы Instagram-парақшасында бөлісті.
"Әр адамның өз тағдыры бар. Пенденің маңдайына не жазылса, сол болады. Бір сөзбен, тағдыр ғой. Кеше маған Желіде "Неге үнемі біреудің балаларымен фото саласың?" деп пікір қалдырыпты. Балаларды ерекше жақсы көрсем де, Құдай маған бала бермеді. Мен бұған баяғыда көнгенмін, есесіне, өзгелердің балаларын тәрбиеледім. Мен ешқашан ешкімге айтпап едім, Желіге қайырымдылықпен айналысқанымды салған емеспін, оны тіпті видеоға түсірігенді, оны кейін әлеуметтік желіде жариялағанды мүлде ұнатпаймын. "ДокторЛиза" фильмін көргеннен кейін осылай ағымнан ақтарылғым келіп кетті", - деді ол.
Продюсердің айтуынша, ол бірнеше жыл бойы қайырымдылықпен айналысып келеді, бірақ оны Желіге салып, бөліскісі келмейді.
"Балалар хосписіне, балалар үйіне, сәбилер үйіне, қарттар үйіне жиі көмек көрсетіп, жиі баратынмын. Қолымнан келгенше, көмек көрсетуге тырыстым, әрине. Кейде жай ғана жылы сөздер айтып, басынан сипап, көңіл бөлу маңызды. Мен балалардың мөлдіреген көзін ешқашан ұмытпаймын. Ағайын-туысы бар қарттардың да көздерін ұмыта алмаймын, бірақ олар әлі күнге дейін жалғызсырап, өмірінің ақырын қарттар үйінде өткізуге мәжбүр. Мүмкіндігі шектеулі баланың барлығы жылы қарағанды, жылы сөзді жақсы көреді. Бәрі бірдей жылы сөздерді жақсы көреді. Сәбилер үйіне барғанда кішкентай балапандар "мені қашан алып кетесің?" деп алдымнан жүгіріп шығады. Сондай кезде не айтарыңды білмей қаласың. Бәрін сүйесің, еркелетесің, бірақ көздерінде мұң барын байқайсың. Кейде біреу балалы бола алмай жатса, кейбіреу баласынан оңай бас тартады деп ойлайсың" , - деді продюсер.
Алуа Қонарова бала асырап алмақ болғанын, бірақ ол ойы жүзеге аспай қалғанын айтты.
"Бала асырап алмақ болғанмын, сәтсіз болды. Оны кейін айтармын. Менің бар ойым - осы. Бізде ең қиын кезеңде, адамдар ренжіген кезде, мейірімділікке, адамгершілікке, көмектесуге, жақындарына, бейтаныс адамдарға жылы сөздер айту үшін күш-жігер болу керек, бұл жан жараны емдейді", - деді Алуа Қонарова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары продюсерді қолдап, пікір қалдырған.
"Сіздің өмірдегі миссияңыз болуы мүмкін, басқаның баласына жол көрсету, тәрбиелеу", "Алуа, қызым! Әр жазған шынайы ойың мен адал сөзің жүрекке жетеді. Өмір айнасына тура қарап айтатының ұнайды. Әрдайым жолың болсын, аман бол", "Сіз өте жақсы адамсыз. Сөйлейтіндер сөйлей берсін, мән бермеңіз", - деп жазған Желі қолданушлар.
Айта кетейік, Алуа Қонарова - қазақстандық RinGo, Ayumi, Juniors топтарының продюсері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек