Әнші Димаш Құдайберген Желідегі парақшасында бала кезде Абайдың әнін орындап тұрған сәтінің видеосын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мереке қарсаңында Абай атамыздың әні "Көзімнің қарасы". 11 жасар кезден естелік. Ақтөбе қаласы облыстық филармония жанынан құралған музыкалық "Саз" балалар мектебінің оқушысы", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)
Әншінің жанкүйерлері бұл видео қатты ұнаған. Олар әншіге бала кездегі әр видеоны жинап, сақтау керегін де айтқан. "Өйткені бұл - ұлттық мұра".
- "Сондай жас кезіңде де теңдесі жоқ әнші болыпсың", "Қандай керемет! Осындай жақсы видеоны бөліскеніңізге рахмет, сүйікті Димаш"
- "Сәлеметсіз бе, құрметті Димаш, балалық шағыңыздан қандай керемет естеліктер бар, бөліскеніңізге көп рахмет. Мексикадан сәлем, Алла разы болсын"
- "Бір жаратқан өзіңді Димашжан! Қазаққа, бір туар, АБАЙДАЙ етіп берген Асыл Ұл Димашжан! Аман жүр Димашжан!"
- "Не деген керемет мынау, не деген керемет!!! Құдай-ау, көз тоймайды-ау!! Димашжан, мың да бір рахмет!!! Бүкіл бала кезіңдегі видеоларды жинап, сақтау керек. Ол енді ұлттық мұра"
- "Сүйсініп тыңдай бергің келеді, Димаш- біртуар, қазақтың мақтанышы, әлемнің әншісі! Бала кезінде Ұлы Абайдың әнін тамаша салып тұр! Айналайын, Димаш, аман болшы, халықтың ықыласына бөлене бер, өзің қалаған әлем сахналарынан шырқай бер!"
- "Тұла бойы тұнып тұрған талант! Аман жүр, Димаш! Адамзаттың Абайын кішкентай кезіңнен түйсігіңе қондырып, жүрекпен ұғынып өстің , бүкіл тыңдармандарыңа Абай хәкімге арнап челендж жолдадың. Бақытты бол, асқақ армандарды бағындыра бер",
- "Керемет! Қандай тәтті балақай! Алдындағы қатарға қарап қояды өзі, мамасы отырған сияқты. Әр нотаны дұрыс айтуға тырысып жатқанын көрініп тұр!", - деп жазып жатыр әншінің жанкүйерлері.
Еске салайық, бұған дейін әнші Димаш Құдайберген Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында тың челленджді бастап берген еді. Әнші оқырмандарынан Абайдың бір өлеңін оқып, оны видеоға түсіруді сұраған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз