- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құбыр жарылып, үйлер...
Құбыр жарылып, үйлер су астында қалды
Қарағанды қаласында су құбыры жарылып 5 үй тізеден келетін су астында қалды. Кейбір техникалар іске жарамай, үй іргесіне зиян келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кеше таңертеңнен бастап су құбыры желілеріндегі ақаудың салдарынан Жағалау көшесіндегі бес үй маңындағы аумақ су астында қалды. Үйлердің бірінде су тасқыны болып, дүние-мүлікке зақым келді. Тек кешкі сағат 6 шамасында диаметрі 500 мм су құбырындағы апатты жою бойынша авариялық жұмыстар аяқталды. Бұл жағдайдан, адамдардың көмірі ылғалданып, жарамсыз болып қалды.
"Су өте көп мөлшерде келіп үйге құйылды. Шошып кеттім. Техникаларыма обал. Оны қойшы көмірім дымқылданып, пешіме су кірді" дейді үйін су басқан Лидия Киселева
Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі "Қарағанды Су" ЖШС-мен бірлесіп, гуманитарлық көмек аясында аталған көше тұрғындарына көмір тарату туралы шешім қабылдады. Қазір қауіптің беті сейілді.
"Адамдарды басқа жаққа қоныстандырудың қажеттілігі жоқ. Сондай-ақ, оларға әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі" дейді, Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Жағалбайлы.
Жандос Бақытұлы
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы