Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (21-8-1) келесі жекпе-жегінде титулға таласады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Хамитов Instagram-парақшасында алдағы жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеді.
"Ресми. 28 қазанда титулды жекпе-жек, TOPfight чемпионы атағы үшін", - деп жазды "Найман".
Қазақстандық файтердің қарсыласы армениялық Давид Хачатрян (24-6) болады. Жекпе-жек Мәскеуде өтеді.
Қуат Хамитов кейінгі жекпе-жегін былтыр қыркүйекте өткізген. Сол кезде ресейлік Мариф Пираевтан төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!