Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтің (24-6) ресейлік Акоп Степанянға (27-12) қарсы жекпе-жегі өтпейтін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 16 наурызда Атырауда өтуі керек еді.
Mergen Fighting Championship лигасының баспасөз қызметі есепшоттың бұғатталуына байланысты Степанянды әуежайдан өткізбегенін хабарлады. Ол қазірдің өзінде ауыстыруды іздеуде.
Ал Акоптың өзі бұл жағдайды былай түсіндірді:
"Өкінішке қарай, біздің Қуатпен жекпе-жегіміз белгілі, күтпеген себептермен өтпейтін болды. Мен ұйымнан, жанкүйерлерден және қарсыласымнан өтпей қалған жекпе-жек үшін кешірім сұраймын. Мен келесі турнирге міндетті түрде келіп, Қуатпен көптен күткен, керемет жекпе-жек өткіземін деп уәде беремін. Барлығына сәттілік!", - деп жазды ол.
Ал Қуат Хамитовтің өзі Instagram-дағы парақшасына "Неге менің үнемі жолым болмайды?" деп жазып қойған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!