Белгілі қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Қуат "Найман" Хамитов Алматыда кептеліс мәселесін шешу жолын тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Барлық солға бұрылысты алып тастау керек, бірақ оңға бұрылысты тұрақты ету керек (тоқтаусыз), содан кейін қалада кептеліс болмайды", - деді ол.
Айта кетейік, биыл қаңтарда "Найман" өз карьерасын аяқтайтынын айтқан болатын. Кейін ол наурызда октагонға оралатынын айтты, ал шілдеде UFC экс-файтерімен жекпе-жек ұйымдастыруды талап етті.