Париж Олимпиадасында ел қоржынына дзюдодан алтын мен қола медаль сыйлаған Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев және Абиба Әбужақынова сынды спортшылар елге келді. Дзюдошылар Massaget.kz тілшісіне сұхбат беріп, тың жаңалығымен бөлісті.
100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрлыхан Шархан келесі Олимпиада ойындарында алтын алуға уәде етті.
"Олимпиада тамаша өтті. Бірінші жарыс, жоғары деңгей, мақсат күресу болды. Екінші айналымда жолым болмады. Өзбек палуанының бағы жанды. Қазақта сөз бар ғой "бабың келісіп тұрсада, бақ шапсын" деген. Сәл ғана сәттілік жетіспеді, сол айналымнан өткен кезде мүмкін қанжығаға медаль байлар ма едік. Дегенмен 2028 жылы өтетін Лос Анджелестегі олимпиядаға тыңғылықты дайындаламыз, еңбек етеміз. Бұйыртса, алтын алуға уәде етемін!", - деді Нұрлыхан Шархан
"Олимпиада ойындарына алтын аламын деп барғанмын. Бар күш-жігерімді салдым, бұйыртқаны қола болды. Қазақ елі қолдауларыңызға рақмет".
- Олимпиадаға енді қатыспаймын деген едіңіз, сол распа?
- "Жоқ, әліде бағымды сынап көремін. Бұл қарсыластарға қолданған айлам", - деді Ғұсман Қырғызбаев
Құраманың бас бапкері алдағы олимпиада ойындарында дзюдшыларды алтынға дайындаймыз - деп уәде берді.
"Алдағы уақытта спортшыларымызды алтынға дайындаймыз. Жауапкершілік жүгі үлкен. Абиба да, Ғұсман да басқа да палуандарымыз бұйырса Лос Анджелестегі олимпиаданың жоғарғы тұғырынан бой көрсетеді", - дейді бас бапкер Нұрбол Сүлейменов.
Спортшыларды Алматы әуежайынан қарсы алғандардың қарасы өте көп. Арасында чемпиондарымыздың туыстары да бар. Осы сәтті пайдаланып, Ғұсман Қырғызбаевтың әкесімен сұхбаттастық.
"Қуанышымызда шек жоқ. Міне баламыз ортаға аман-есен келіп жатыр. Әр үйдің баласы осындай жетістіктерге жете берсін. Еліміз жасай берсін, жеңістер әлі де көп болады деп сенемін. Баршаңызға рақмет, қолдаушыларға да, спорт сүйер қауымға да, баламның достарына да", - деді Ғұсман Қырғызбаевтың әкесі.
"Ұшып-қонатын жер таппадық, ұлы жеңіс бұл. Қай орын болмасын біз үшін бәрі батыр, бәрі чемпион. Осы жеңістің арқасында біздің спортта дамиды деп ойлаймын", - дейді Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков.
Айта кетейік, төрткүл дүние көз тіккен Олимпиада ойындарында отандастарымыз әлі де бақ сынап жатыр. Әзірге ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медельмен Қазақстан жалпы есепте 29 орында.
Олимпиаданың алтынын қоржынға байлаған Елдос Сметовтың ендігі мақсаты қандай? Спортшы карьерасын аяқтай ма? Бұл туралы толығырақ сілтемеге өтіп оқыңыз! Сондай-ақ, дзюдошы Абиба Әбужақынова алдағы жоспарын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!