2021 жылы Қазақстанның қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлеріне қол жинап, шөп жіберген Құрмет Талапқазы қуанышты жаңалығын бөлісіп, халықтан сүйінші сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еске салайық, қоғам белсендісі Құрмет Талапқазы 2021 жылы қуаңшылық кезінде Батыс өңіріне вагон-вагон шөп жіберіп, көпшіліктің төрт түлігін ашаршылықтан аман алып қалуға септігін тигізген. Ол халықтың алғысын алып, көпшілік оның әрекетіне тамсанған болатын.
Бүгін ол өзінің Instagram-парақшасында қуанышын бөлісіп, сүйінші сұрады.
"Сүйінші ағайын, көптен күткен Махаббатыммен некемді қидым. Құтты болғай", - деп қысқа жазба қалдырды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Құрмет Талапқазының елеулі еңбегінен кейін халық жылу жинап, оған Шымкенттен үш бөлмелі үй сыйлады. Бірақ кейінірек белсендінің өзі бұл үйді сатып жібергенін мәлімдеді.
"Бұрын да сұхбаттарымда айтқанмын, ол кісілерге Алла разы болсын, рақмет! Бірақ сол кезде де "ешқандай мұндай нәрсе керек емес" деп айтқанмын. Көше сыпырып, далада қалсам да, қабірлер - менің үйім. Былтыр ол үйді жалға беріп, одан кейін сатып жібердім. Жартысын ауылға жібердім, олар (ата-анасы) ота жасатыпты. Содан кейін осы жақта да біраз адамдар көмек сұраған соң оның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсадым. Арғы бетке (Қытай) де бару керек кездер болды, бір жағдайлар болып, қарыз алғанмын. Өзіме де жараттым, елдің бергенін елге қайтарғандай да болдым", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан