Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында Салтанат Нүкенованың бұрынғы көмекші Анар Тасова жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көмекші марқұм Нүкеноваға адамдарға астрологиялық кеңес беру ісінде көмектескен. Ол сот отырысында Нүкенова мен Бишімбаевтың қарым-қатынасы туралы айтты.
Ассистенттің сөзінше, Салтанат Бишімбаев жұмыс істеуге тыйым салғанын бірнеше рет айтқан. Сонымен қатар, ол былтыр 5 шілдеде Шымкенттегі жеке кездесуде Салтанаттың денесінен жарақат көрген.
"Олардың үйіне бардым, Салтанат шықты. Бірінші байқағаным: оның мүлде көңіл күйі болмады. Ол алға (көліктің алдыңғы орнына - еск.) отырды, мен сол жағында қылғындырған белгілер, арқан іздері бар екенін көрдім. Оның сол жағы көгеріп тұрды. Бірден жаман нәрсе ойладым. Біз кофе ішетін орында отырдық. Әңгіме барысында ол Қуандық тиран екенін айтты. Құрбыларымен, әпкелерімен сөйлесуге рұқсат бермейтінін, үнемі оның бақылауында екенін жеткізді. Біз шамамен 2-3 сағат отырдық, осы уақыт ішінде оның көңіл күйі болмады. Көбіне олардың қарым-қатынасы туралы айтты", - деді Тасова.
Куәгер Салтанат Қуандыққа тұрмысқа шыққанға дейін жақсы табыс тапқанын, яғни айына шамамен 3-4 миллион теңге екенін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!