- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қуандық есеңгіреп жүрді"...
"Қуандық есеңгіреп жүрді" - Байжанов
Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында Бақытжан Байжанов тың деректер айтып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен жедел жәрдемнің жанында болдым. Жедел жәрдемге келіп, "Бишімбаев өзін өлтірмекші" деп көмек сұрадым. "Олар "бізге кедергі келтірмеңіз, шығыңыз" деді. Сонымен бармен Абылайға хабарластым. Абылай екеуміз Бишімбаевты ұстап тұрдық", - деді Байжанов.
"Қуандық қолына пышақ ұстап жүрді" - Салтанат қаза тапқан жерде жұмыс істеген бармен
"Қуандықпен сөйлескен жоқпыз. Қуандық есеңгіреп жүрді. "Бақытжан, мен не істеп қойдым?! Қолыммен істегенді мойныммен көтеремін. Адам өлтірдім, бала-шағамның бетіне қалай қараймын? Енді өмір сүре алмаймын" деген сөздер болды", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Байжанов қайғылы оқиға болған күні Салтанат Нүкенованы бірнеше рет көргенін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова