- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені рас па? ІІМ жауап берді
Әлеуметтік желіде Қуандық Бишімбаевтың колониядан табылмағаны туралы ақпарат тарады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті осыған қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желіде пайда болған сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты колониядан табу мүмкін болмады деген ақпаратқа түсініктеме берді.
"Сотталған Бишімбаевтың қашып кеткені туралы жалған ақпарат таралуда, бұл шындыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.
Қылмыстық тергеу комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
"Бұл жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске салайық, әйелі Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Бишімбаев сотталған болатын. Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде көпшіліктің назарында болған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот үкімі шығып, оған 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және ол жазасын қауіпсіздік деңгейі барынша қатаң мекемеде өтейді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева