Қуандық Бишімбаевтың анасы сотта мәлімдеме жасады

Қуандық Бишімбаевтың анасы сотта мәлімдеме жасады
Фото: соттан скрин

Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева сот жарыссөздерінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Альмира Бишімбаева ұлы өзі жасаған қылмыс үшін ғана жазалануы керегін айтады. 

"Жәбірленуші тараптың адвокаты сөз сөйлеген кезде ұлымды негатив тұрғыда сипаттады. Бұл алқабилерге жасалған қысым деп есептеймін. Одан бөлек, жәбірленуші тараптың адвокаты Қуандықты қоғам паразиті деп атап, ескі Қазақстанның өкілі деп атап, менің ұлым елді 30 жылдан аса уақыт басқарған шенеуніктер үшін жазалануы керек деп есептейтінін айтты. 

Кешегі жарыссөзде жәбірленуші тарап бұл процес оны қарап отырғандарға және Қазақстанның элитасына сабақ болсын деді. Яғни жәбірленуші тарап әділ жолмен емес, елді 30 жылдан аса уақыт басқарған ескі Қазақстан өкілдеріне сабақ болсын деп, алқабилерге тек үкімді емес, үгіт-насихат және саяси функцияны жүктеп қойды. Мен тек бір нәрсені сұраймын: бүкіл қоғамның дертін бір адамға - менің ұлым Қуандыққа ысырып қоймасаңыздар екен деймін. Иә, ол кінәлі, үлкен қате жасады", - дейді Альмира Бишімбаева.  

Бишімбаевтың анасы қазақстандықтардан кешірім сұрады. 

"Барлық аналардан, барлық қыздар мен арулардан ұлым Қуандық үшін кешірім сұраймын. Мені де кешіріңіздер. Маған өте ауыр. Салтанат қаза тапқан күннен бері маған оңай емес. Мен ең алдымен Салтанаттың анасы мен әкесінен, жақындарынан кешірім сұраймын", - дейді Альмира Бишімбаева.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина