Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс сотқа қашан жіберілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Іс келер уақытта бітуі керек. Сараптаманың бәрі дайын болған соң сотқа жіберіледі. Ол ақпараттың бәрі дайын деп айта алмаймын. Тергеу аяқталып, сараптама қорытындысы шыққан соң, істі бітірген соң құжаттармен екі жақты да таныстыру керек. Ол да уақыт алады. Содан кейін сотқа жіберіледі", - дейді Марат Қожаев Tengrinews.kz тілшісіне.
"Қатыгез еді". Бишімбаевпен түрмеде араласқан әйел ол туралы айтып берді
Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Кейін ол қамауға алынды. 11 қарашада Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!