- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қуандық Бишімбаев Нүкенованы...
Қуандық Бишімбаев Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады
Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот ашық режимде тікелей эфирде өтіп жатыр.
"Кінәмді мойындамаймын. Маған соталды тергеуде де, ешқай жерде өз оқиғамдыайтып беруге мүмкіндік берілмеді. Прокурор айтқан айыптар көбіне куәгерлер жоқ сөздер. Сондықтан Қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша қылмыс жасаған жоқпын. Кінәмді мойындамаймын", - дейді Бишімбаев сотта.
Айта кетейік, экс-министрге әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.
Еске салайық, былтыр 9 қарашада Қуандық Бишімбаев ұсталғаны хабарланды. Ол сол кезде әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.
Ал 11 қарашада бұрынғы министр қамауға алынды.
Бұл іс бойынша бүгінгі алдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы сұмдық жайттарды айтқан еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина