Қуандық Бишімбаев марқұм әйелі Салтанат Нүкеноваға түні бойы ұйқы бермей, таңертең балгерге баруға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы сот отырысында Айтбек Амангелді айтып берді.
"Иә, менің білуімше, Қуандық балгерлерге жиі баратын. Тіпті Салтанатпен кездесер алдында да барған. Балгер "иә, сендерде бәрі жақсы болады, ол сені жақсы көріп қалады" деген. Яғни, әр сұрақ бойынша баратын. Салтанатты да өзімен алып жүретін.
Ол (Бишімбаев) өзінің сұрақтарына жеткілікті жауап ала алмайтын. Яғни Салтанат берген жауаптарға көңілі толмайтын. Бір сұрақты бірнеше рет қоятын", - дейді Айтбек Амангелді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз