Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха полиция "Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев баланы көлікпен қағып кетті" деген ақпаратты тексергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"(Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың) баланы көлікпен қағып кетті деген ақпаратқа тоқталайын. Бұл ақпарат расталмады. Біз марқұм (Салтанат Нүкенованың) туыстарымен, оның ішінде ағасымен де сөйлестік. Ақпараттың қайдан шыққанын тексердік. Бірақ онда басқа жағдай туралы айтылған. Сондықтан бұл ақпарат расталмады", - деді Игорь Лепеха Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Еске салайық, бұған дейін елордада өтіп жатқан сот отырысында марқұм Салтанат Нүкенованың анасы экс-министр Қуандық Бишімбаев баланы көлікпен қағып кеткенін, бірақ жауапкершіліктен құтылғанын айтқан. Осыдан кейін ІІМ бұл ақпаратты тексеретінін хабарлаған.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевқа әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген аса ауыр айып тағылған.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!