Үкімет отырысында "Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев пойыздар кешігіп келетінін, вагондар тозғанын білетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жолаушылар тасымалы бойынша негізгі сын - қызмет көрсету, пойыздардың кешігуі, вагондардың жай-күйі. Біз қызметтерді жақсарту үшін тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ, Deutsche Bank-пен жұмысты бастадық. Пойыздардың кешігуі теміржол жағдайына байланысты. Біз қажет жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Мәселен, 2023 жылы жөндеудің барлық түрінің көлемі 50 пайызға ұлғайды. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының қойылған міндеттерді шешу бойынша нақты көзқарасы бар. Оны орындау үшін бар күшін салады", - деді Нұрлан Сауранбаев.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда билет бағасының орташа құны 8 мың теңге екені хабарланды. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты.
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!