"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындарға әртүрлі тарифтер енгізу туралы шешімін өзгертті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ бес коммерциялық пойыздың жоғарғы және төменгі орындарына жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны жойды", - деді "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап кейбір коммерциялық пойыздардың төменгі орны 20 пайызға қымбаттайтынын мәлімдеген болатын.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2023 жылдың 1 желтоқсанынан 28 ақпанына дейін пилоттық режимде коммерциялық пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру ақысына аталмыш тәсілді енгізеді. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жолақы айырмашылығы 20 пайыз", - делінген хабарламада.
Компания билет бағасын осылай өзгерту арқылы орындарды біркелкі бөлу және жолаушылардың төменгі орындарға сұранысын қанағаттандыруға болатынын түсіндірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!