Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласындағы департаменті "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-ға қатысты бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманы бұзу белгілері бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу жүргізуге Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының, Қырғыз Республикасы Экспедиторлар қауымдастығының және көлік-экспедитор компаниялардың өтініші негіз болған.
"Тергеу нәтижесінде "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жүк тасымалдау жоспарын келісу барысында аффилирленген компанияларға, яғни KTZ Express АҚ және "КедентрансСервис" АҚ-ға артықшылық беріп, жеке экспедиторлық ұйымдардың қызметіне кедергі келтіргені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Осылайша "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет кірісіне 1,42 млрд теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!