"Қазтеміртранс" АҚ Алматыдағы филиалының директоры "пара алды" деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Алматы ҰҚКД "Қазтеміртранс" АҚ Алматы филиалының директорын шамамен 540 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұстағаны туралы ақпарат тараған еді. Алдын ала мәлімет бойынша ол Алматыдағы мейрамханалардың бірінде пара алып жатқан сәтте қолға түскен.
Компания не дейді?
Компания істің барлық мән-жайы әділ әрі жан-жақты зерттеледі деп үміттенеді.
"Қазтеміртранс" АҚ қазір құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатқанын растайды. Компания жүргізіліп жатқан тергеу аясында барлық қажет ақпарат пен құжатты ұсынып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, "Қазтеміртранс" АҚ - "ҚТЖ ҰК" АҚ-ның еншілес ұйымы және Қазақстандағы жүк вагондарының ең ірі операторларының бірі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова