- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҚТЖ қызметкерлеріне қатысты...
ҚТЖ қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қайтадан қаралды
Апелляциялық сатыда ҚТЖ қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қайтадан қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйымды құрып, оған басшылық еткені, сол сияқты оларға қатысқаны (ҚК 262-бабының 1-бөлігі), сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алғаны немесе талан-таражға салғаны (ҚК 189-бабының 4-бөлігі), пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін (ҚК 367, 368-баптары) Е., М., С., Н., Т.-ға және көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемденіп немесе оны өткізгені үшін (ҚК 196-бабының 3-бөлігі) Д., Ж., К., А.-ға қатысты 2024 жылғы 4 сәуірдегі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Бірінші сатыдағы сотта Е. және С.-тің ҚТЖ қызметкерлері бола отырып, ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оны басқарғаны анықталды. Әрі қарай, Е. жолдың жоғарғы құрылымының материалдарын (рельстер, төсемдер, қаптамалар, сымдар және т. б.) С., Н., Т.-ның көмегімен аса ірі мөлшерде жымқырған.
Сонымен қатар, Е. қылмыстық топпен жасалған жымқыруды кедергісіз жасау мақсатында лауазымды тұлғаға пара берген және парақорлыққа делдал болған.
Бұл ретте М. полицияның желілік бөлімшесінің бастығы бола отырып, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, жалпы қамқорлығы үшін ұйымдасқан қылмыстық топ үшелерінен пара алған.
Ұрланған мүлік Ж., Д., К., А.-ның іс-әрекеттерімен жүзеге асырылып, олар алдын-ала уәде етілмеген қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алу мен сатуды жүзеге асырған.
Бірінші сатыдағы соттың үкімімен:
- Е. ҚК 262-бабының 1-бөлігінде, 189-бабы 4-бөлігінің 1, 2) тармақтарында, 367-бабының 4-бөлігінде, 368-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қылмыстардың жиынтығы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;
- С. ҚК 262-бабының 1-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 9 жылға бас бостандығынан айыру;
- М. ҚК 361-бабының 2-1-бөлігінде, 366-бабы 3-бөлігінің, 1, 4) тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру;
- Н. және Т. ҚК 262-бабының 2-бөлігінде, 28-бабы 5-бөлігіндн – 189-бабы 4-бөлігінің 1, 2-тармағында) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру;
- Ж., Д., К., А. ҚК 196-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 2 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Сотталғандар мен олардың адвокаттары бірінші сатыдағы сот актісімен келіспей, оған шағымданды.
Алайда, алқа сотталғандардың кінәсі дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісті, себебі олардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Сондай-ақ, алқа 2021-2023 жылдар кезеңінде сотталғандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғамдық қауіптілігі мен сипатын ескере отырып, жазаның түрлері мен мөлшерімен келісті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина