Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі HILL Corporation ЖШС мен "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тергеп-тексеру барысында "ҚТЖ-ЖТ" локомотивтерге арналған мотор майларын сатып алу кезінде әлеуеті жететін жеткізушілерді лайықты көрмей, арнайы шарттар қолданғаны белгілі болды. Бұл олардың сатып алу конкурстарына қатысуға кедергі келтіріп, басынан-ақ HILL Corporation компаниясының мүддесіне жұмыс істегенін айқындады", - деп жазылған хабарламада.
БҚДА жүргізген тергеп-тексеру нәтижелеріне қатысты компания сотқа шағымданған болатын.
Алайда 2025 жылғы 11 наурыздағы Жоғарғы сот қаулысына сәйкес жергілікті соттардың "HILL Corporation" ЖШС мен "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-ға қатысты агенттік тергеп-тексеруінің заңды екені туралы шешімдері өз күшіне енді.
Локомотивтерге арналған мотор майларын жеткізу бойынша келісімнің жалпы сомасы 12 миллиард теңгеден асқан.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!