"Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы еншілес ұйымда 56 миллион теңгенің жымқырылғанын анықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚТЖ-ның еншілес ұйымы "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС-на қатысты жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесі бойынша 56 миллион теңгеден астам қаражаттың ұрланғаны анықталды", – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
ҚТЖ материалдық шығынды өтеу және кінәлілерді анықтау мақсатында қылмыстық-процессуалдық заңнама аясында шара қолдану үшін құқық қорғау органдарына арыз жібергенін мәлімдеді. Тергеу жүргізіліп жатыр.
"ҚТЖ сотқа дейінгі тергеудің бастамашысы ретінде тергеуге жан-жақты көмек көрсетіп жатыр", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!