Көлік прокурорлары "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 миллион теңгеден аса сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу дерегін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді. Оның айтуынша, кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақшалай қаражат аударып отырған.
"Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 миллион теңгеден аса сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйлықақыларды беріп отырған", - делінген хабарламада.
Қазір заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар, аудиторлық тексерулер тағайындалып, соталды тергеп-тексеру басталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз