- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҚТЖ-да өтірік жұмыспен...
ҚТЖ-да өтірік жұмыспен қамтылғандар 21 млн теңге шығын келтіргені анықталды
"Қазақстан теміржолы" филиалында жұмысшы ретінде тіркелгенімен қызметін атқармаған азаматтарға қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп, компанияға 21 млн теңге шығын келтірілгені анықталды.
"Қазіргі уақытта іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып жатыр. ҚТЖ тергеуге толық көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.
ҚТЖ тексеру комиссиясы ішкі тексерулер барысында "ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалында қызметкерлердің ресми еңбек қызметінде болмағанын анықтап, материалдар құқық қорғау органдарына берілді.
Филиал басшысының тапсырмасы бойынша өтірік жұмыспен қамтылған адамдардың жеке тұрғын үй құрылысына қатысқаны белгілі болды. ҚТЖ бұл жағдайда жәбірленуші тарап деп танылғаны да хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева