ҚТЖ басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚТЖ басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Бауыржан Орынбасаров "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясы басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қоры мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚТЖ баспасөз қызметі мәліметінше, Бауыржан Орынбасаров 55 жаста. Теміржол саласындағы еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда станциясында жол кезекшісі болып бастаған.

Бұған дейін пойыз диспетчері, бас инженер қызметінен бастап "ҚТЖ" мен оның құрылымдарында түрлі басшылық лауазым атқарған.

2022 жылдан бері ҚТЖ өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарып келген.

Бауыржан Орынбасаров мемлекеттік және салалық наградалармен, соның ішінде "Құрмет", "Парасат" ордендерімен, "Құрметті теміржолшы" белгісімен марапатталған.

Еске салайық, бұған дейін Талғат Алдыбергенов ҚТЖ ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget