Кітап оқу адамның сөздік қорын байытып қана қоймай, есте сақтау қабілеті мен психикалық саулығына да оң әсер етуі мүмкін. Кембридж университетінің ғалымдары әр жаста жүргізілген зерттеулерді талдап, кітап оқудың ми қызметімен байланысын қарастырды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Ғылыми шолу Psychological Medicine журналында жарияланған. Зерттеушілердің айтуынша, адамның өз қалауымен, қызығушылық үшін оқуы ми саулығын қолдаудың қолжетімді тәсілдерінің бірі болуы мүмкін. Оған қағаз кітаптармен қатар электронды кітаптар, журналдар, комикстер мен графикалық романдар да жатады.
Оқу есте сақтау қабілетін жақсартады
Ғалымдар ұзақ мерзімді және нейровизуализациялық зерттеулерді саралаған. Нәтижесінде кітап оқудың зейін, есте сақтау, эмоцияны реттеу және әлеуметтік қарым-қатынасқа жауапты ми аймақтарының жұмысымен байланысты екені байқалған.
Балалық шақтан кітап оқитын адамдарда:
Сонымен қатар ерте жастан кітап оқу психикалық саулық көрсеткіштерінің жақсырақ болуымен байланысты болған. Бұл байланыс отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан байқалған.
Кітап оқу күйзелісті азайтады
Ересектер арасында жүргізілген зерттеулер кітап оқудың:
Ғалымдар әдеби шығарма оқыған кезде адам кейіпкерлердің жағдайын түсінуге және олардың әрекеттерін бағалауға тырысатынын айтады. Бұл эмоцияны тану мен жанашырлық қабілетін дамытуы мүмкін.
Бірге кітап оқудың да пайдасы бар
Кітап клубтары мен ортақ оқу топтары адамдардың әлеуметтік байланысын нығайтуға көмектеседі. Мұндай үйірмелер әсіресе қозғалысы шектеулі және жалғыздықты жиі сезінетін егде адамдарға пайдалы болуы ықтимал.
Зерттеушілердің пікірінше, кітапты жалғыз оқу миға танымдық жүктеме түсірсе, оны өзгелермен талқылау әлеуметтік белсенділікті де арттырады. Cambridge Neuroscience
Қанша уақыт оқу қажет?
Ғалымдар әзірге күн сайын нақты қанша минут оқу керегін белгілемеген. Ең маңыздысы – адамның өзіне қызық кітапты таңдап, оқуды тұрақты әдетке айналдыруы.
Күніне бірнеше беттен бастап, уақыт өте оқу мерзімін ұзартуға болады. Зерттеушілер кітап оқуды кез келген жаста бастауға болатынын атап өтті.
Дегенмен кітап оқу ми ауруларының алдын алатын немесе оларды емдейтін жеке медициналық әдіс емес. Ол қозғалыс, дұрыс тамақтану, сапалы ұйқы және әлеуметтік белсенділікпен бірге ми саулығын қолдайтын күнделікті пайдалы әдеттердің бірі саналады.