Мемлекет басшысы "Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Адами капиталды дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту, білім беру, тәрбиелеу және оқу-ағарту ісінің негізгі элементі ретінде кітап оқу мәдениетін насихаттау, зерделі ұлт қалыптастыру, сондай-ақ шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау мақсатында Президент мәдениет, білім және инновация салаларындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын айқындауды қаулы етті:
Жарлықты іске асыру үшін Қазақстан Үкіметіне бірқатар тапсырма берілді. Олардың қатарында — жаңа форматтағы кітапханалар, көпфункционалды қоғамдық кеңістіктер құруды, заманауи ақпараттық жүйелер мен сервистер ендіруді қоса алғанда, оқырман инфрақұрылымын жаңғыртуды қамтамасыз ету бар. Сонымен қатар, 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін Министрлер кабинеті мыналарды орындауы тиіс:
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз