Астанада екінші күн 12 жастағы бала іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
7 cәуірде Икар Сейітжан үйден шығып, Егемен Қазақстан көшесі 15-үйге кітап алуға кеткен. Содан кейін бала үйіне оралмаған. Оны сол күні №8 мектеп-лицейінің жанынан көрінгені белгілі болды.
Астаналық клуб еріктілері балаға іздеу жариялады.
Бүгін баланы іздеуге еріктілерді тарту туралы шешім қабылданды.
Еріктілер баланың қайда екенін білетін кез келген адамнан полицияға хабарласуды немесе көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!